2014 жылғы 21 қаңтар, Астана қаласы
Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандартты бекіту туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, бұйырамын:
1. Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.МАМЫТБЕКОВ.
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/55 бұйрығымен бекітілген
Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС) :
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге,еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақтиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу жәнемамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.
4. Осы КС-да келесі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;
2) біліктілік деңгейібілікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;
6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;
12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші 03-2007: 01.41 Малдың сауын тұқымын өсіру, 01.42 Малдың және енекенің басқа да тұқымдарын өсіру, 01.43 Жылқы және басқа да тұяқты тұқымдарды өсіру, 01.44 Түйелерді және түйе тұқымдастарды өсіру, 01.45 Қойлар мен ешкілерді өсіру, 01.46 Шошқалар мен торайларды өсіру, 01.47 Құс шаруашылығы, 01.49 Малдардың басқа да түрлерін өсіру.
6. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: селекциялық (асылдандыру ісі) қызметті дамыту, асыл тұқымдық малдарды өсіру, оңтайлы пайдалану және қорғау, олардың денсаулығы мен жоғары деңгейде ұрықтануын сақтау.
КС өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аң аулау салалардағы қызметтерді көрсетудің мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы кәсіби стандарттың 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигі;
асылдандыру ісі жөніндегі техник;
зоотехник (зоотехник селекционер);
асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші.
3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник
8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4.
9. Лауазымның мүмкін атаулары: жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигі.
10. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты ауыл шаруашылық жануарларын аулау, ұрықтандыру алдындағы дайындық жұмыстарын, ауыл шаруашылық жануарларын ұрықтандыру міндеттерін білуге және атқара білуге міндеттейді.
11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
12. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
13. Еңбек функцияларын айқындайтын, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
14. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техниктің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
15. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техниктің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.
Параграф 2. Асылдандыру ісі жөніндегі техник
16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4.
17. Лауазымның мүмкін атаулары: асылдандыру ісі жөніндегі техник.
18. «Асылдандыру ісі жөніндегі техник» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты малшаруашылық жануарларын асылдандыру міндеттерін білуге және атқара білуге міндеттейді. Шаруашылықта асылдандыруды өңдеу жұмыстарын жоспарлауға қатысу.
19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
20. Асылдандыру ісі жөніндегі техниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
21. Еңбек функцияларын айқындайтын, асылдандыру ісі жөніндегі техник орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
22. Асылдандыру ісі жөніндегі техниктің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
23. Асылдандыру ісі жөніндегі техниктің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.
Параграф 3. Зоотехник (зоотехник-селекционер)
24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 5-7.
25. Лауазымның мүмкін атаулары: зоотехник (зоотехник-селекционер)
26. «Зоотехник (зоотехник-селекционер)» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты мал мен құстың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту, мал төлін өсіру бойынша селекциондық-зоотехникалық жұмыстарды жүзеге асырудың міндеттерін білуге және атқара білуге міндеттейді.
27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
28. Зоотехник (зоотехник-селекционер) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
29. Еңбек функцияларын айқындайтын, зоотехник (зоотехник-селекционер) орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
30. Зоотехник (зоотехник-селекционер) орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
31. Зоотехник (зоотехник-селекционер) құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5, 6, 7 - кестелерінде көрсетілген.
Параграф 4. Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші
32. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 6-7.
33. Лауазымның мүмкін атаулары: асыл тұқымдыққ жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші.
34. «Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші» кәсібі ипподромдағы асыл тұқымдыққ жылқыларға сынақ жүргізу міндеттерін білуге және атқара білуге міндеттейді. Асыл тұқымдық жылқыларға сынақ жүргізу мүлкін және төреші алқасының жұмыстарын бақылау және дайындау.
35. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 5-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
36. Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төрешінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
37. Еңбек функцияларын айқындайтын, асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 5-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
38. Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төрешінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 5-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
39. Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төрешінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 5, 6 - кестелерінде көрсетілген.
4. КС әзірлеушілері
40. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.
41. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 6- қосымшасында көрсетілген.
Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандартының 1-қосымшасы
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№
р/с Қызмет түрі атауы Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы 01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы СБШ біліктілік деңгейлері
1. Селекциондық қызмет (Асылдандыру ісі) Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигі Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник 4-5
2. Асылдандыру ісі жөніндегі техник Асылдандыру ісі жөніндегі техник 4-5
3 Зоотехник Зоотехник 5-7
4. Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші Асыл тұқымдық жылқыларды сынау жөніндегі бас төреші 4-7
Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандартының 2-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
Негізгі топ 3227 Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигі
Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)
СБШ сәйкес біліктілік деңгейі Санаттар
4 Санатсыз, І-ІІ санаттар
5 Санатсыз, І-ІІ санаттар
2-кесте. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Мал шаруашылығы саласындағы фермерлік және шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік кооперативтері
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Зерттеуге сынамаларды алу үшін жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз қызмет көрсету кезінде ауруды жұқтырып алу қауіпі, жарақаттану қатері
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі
4 Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Санатсыз –жұмыс стажы талап етілмейді; ІІ санаттар - санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; І санаттар - ІІ санатты лауазымда 1 жылдан кем
5 Техникалық және кәсіби орта білімнен кейінгі білім (орта буынды маман), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғарғы білім Санатсыз –жұмыс стажы талап етілмейді; ІІ санаттар - санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; І санаттар - ІІ санатты лауазымда 1 жылдан кем
3-кесте. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигі орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)
1 Ауыл шаруашылығы жануарларын аң аулауда анықтауды жүзеге асырады, ұрықтандырар алдында дайындық жұмыстарын, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрықтандыруды жүргізеді
2 Биоматериалдармен қамтамасыз етуге, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға тапсырыстар құрастырады. Жасанды ұрықтандырудан алынған төлді кірістеу актісін құрастырады
3 Ректалды зерттеулер нәтижелерін есептеуді жүргізеді, жасанды ұрықтандыру бойынша есеп жүргізеді. Материалдарды, мүліктерді, аспаптарды, медициналық заттарды, мал дәрігерлік аспаптар менқұралдарды оңтайлы жұмсау бойынша шаралар қабылдайды
4-кесте. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)
1 Жануарлар Зарарсыздан-дырылған қолғаптар, аранайы киімдер, пайеттер, Дьюара ыдысы, ысытатын микроскоп 1-1) Ауыл шаруашылығы жануарларын аң аулауда анықтауды жүзеге асырады
1-2) Ұрықтандырар алдында дайындық жұмыстарын, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрықтандыруды жүргізеді
1-3) Биоматериалдармен қамтамасыз етуге, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға тапсырыстар құрастырады
2 Жануарлар Зарарсыздан-дырылған қолғаптар, аранайы киімдер, пайеттер, Дьюара ыдысы, ысытатын микроскоп 2-1)Жасанды ұрықтандырудан алынған төлді кірістеу актісін құрастырады
2-2) Ректалды зерттеулер нәтижелерін есептеуді жүргізеді, жасанды ұрықтандыру бойынша есеп жүргізеді
3 Жануарлар Зарарсыздан-дырылған қолғаптар, аранайы киім-дер, пайеттер, Дьюара ыдысы, ысытатын микроскоп 3-1) Материалдарды, мүліктерді, аспаптарды, медициналық заттарды, мал дәрігерлік аспаптар менқұралдарды оңтайлы жұмсау бойынша шаралар қабылдайды
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигінің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Орындаушылық іс-әрекеттер: ауылшаруашылық жануарларын ұрықтандырар алдында дайындық жұмыстарын жоспарлау және тапсырмаларды анықтау Қолданыстағы еңбек ресурстарын есептей білу. Ауылшаруашылығы жануарларын ұрықтандыруда жұмыс жағдайын өздігінен талдау жасауды талап ететін әр түрлі практикалық тапсырмаларды шешу Кәсіби дайындық үрдісі барысында алынған білім, практикалық өтілімде іс-ірекетті жүзеге асыра білу
1-2) Басшылыққа өндірістік мәліметтерді құжаттандырып және ұсынып, жұмыс үдерістері нәтижелерінің алдын ала белгіленген өлшемдермен сәйкестік нәтижелерін бағалайды Жұмыс барысында, өздігінен жоспарлауда танымдық және практикалық дағдыларды кеңдігінен қолдану Құжаттар, есеп, сапа, рәсімдерді бақылауда және жұмыс үрдісінде кең шоғырланған біліміне ие болу
1-3) Жұмыс орнындағы өзгерістерге оңай қалыптасу Сиырларды уақытылы ұрықтауды ұйымдастыру дағдылары Шәует сапасын бағалай білу
2-1) Басқа қызметкерлердің жұмыстары әсерінің нәтижесіне жауапкершілік алып, оларды басшылыққа алу Іс – әрекеттің жүзеге асуының технологиялық жолдарын таңдау. Алынған тапсырмаларды толықтандыру Этика және психологиялық қарым-қатынас, кәсіби тапсыпмаларды шешу, тәсілдердің қалыптасуын және амалдарын білу
2-2) Қызметкерлерді басқарады және жекелеген қызметкерлер менкомандалардың міндеттерінің орындалуынан оң нәтиже күтеді Жануарларды рационды жеммен қамтамасыз етудіңұйымдастыру дағдылары Ұрықтау тәсілдерін және технологияларын білу
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі технигінің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Орындаушылық іс-әрекеттер: ауылшаруашылық жануарларын ұрықтандырар алдында дайындық жұмыстарын жоспарлау және тапсырмаларды анықтау Қолданыстағы еңбек ресурстарын есептей білу. Ауылшаруашылығы жануарларын ұрықтандыруда жұмыс жағдайын өздігінен талдау жасауды талап ететін әр түрлі практикалық тапсырмаларды шешу Кәсіби дайындық үрдісі барысында алынған білім, практикалық өтілімде іс-ірекетті жүзеге асыра білу
1-2) Басшылыққа өндірістік мәліметтерді құжаттандырып және ұсынып, жұмыс үдерістері нәтижелерінің алдын ала белгіленген өлшемдермен сәйкестік нәтижелерін бағалайды Жұмыс барысында, өздігінен жоспарлауда танымдық және практикалық дағдыларды кеңдігінен қолдану Құжаттар, есеп, сапа, рәсімдерді бақылауда және жұмыс үрдісінде кең шоғырланған біліміне ие болу
1-3) Жұмыс орнындағы өзгерістерге оңай қалыптасу Сиырларды уақытылы ұрықтауды ұйымдастыру дағдылары Шәует сапасын бағалай білу
2-1) Басқа қызметкерлердің жұмыстары әсерінің нәтижесіне жауапкершілік алып, оларды басшылыққа алу Іс – әрекеттің жүзеге асуының технологиялық жолдарын таңдау. Алынған тапсырмаларды толықтандыру Этика және психологиялық қарым-қатынас, кәсіби тапсыпмаларды шешу, тәсілдердің қалыптасуын және амалдарын білу
2-2) Қызметкерлерді басқарады және жекелеген қызметкерлер менкомандалардың міндеттерінің орындалуынан оң нәтиже күтеді Жануарларды рационды жеммен қамтамасыз етудіңұйымдастыру дағдылары Ұрықтау тәсілдерін және технологияларын білу
3-1) Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, гигиена және қоршаған ортаны қорғау шараларын басшылыққа ала отырып, жұмыс барысы мен нәтижесіне жауапкершілік алады Жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби қызметтің жұмыс фазасын, талап етілген ресурстар мен уақытты анықтайды Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы білім.
Заң нормалары, еңбекке ынталандыру және уәждеу әдістері
Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандартының 3-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
Негізгі топ 3213 асыл тұқымдық іс жөніндегі техник
Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)
СБШ сәйкес біліктілік деңгейі Санаттар
4 Санатсыз, І-ІІ санаттар
5 Санатсыз, І-ІІ санаттар
2-кесте. Асыл тұқымдыққ іс жөніндегі технигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал шаруашылығы орындары, мал дәрігерлік объектілер, фермерлік және шаруа қожалықтары
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Малдардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз қызмет көрсету кезінде ауруды жұқтырып алу қауіпі, жарақаттану қатері
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі
4 Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Санатсыз – жұмыс стажы талап етілмейді; ІІ санаттар – санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; І санаттар - ІІ санатты лауазымда 1 жылдан кем емес
5 Техникалық және кәсіби орта білімнен кейінгі білім (орта буынды маман), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғарғы білім Санатсыз – жұмыс стажы талап етілмейді; ІІ санаттар – санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; І санаттар - ІІ санатты лауазымда 1 жылдан кем емес
3-кесте. Асыл тұқымдық іс жөніндегі технигі орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)
1 Мал шаруашылығында тұқымдық малға есеп жүргізу. Шаруашылықтағы асылдандыру жұмыстарының жоспарын әзірлеуге қатысады. Малдың өнімділігін анықтау үшін таразыға тарту және саууды жүргізуге қатысу, талдаулар үшін сүтті сынауға іріктеу жүргізеді, асылдандыру карточкасына малдың өнімділігінің мәліметтерін енгізеді
2 Малды сұрыптауға қатысады. Бекітілген нысандарға қатаң сәйкестендіре отырып асылдандыру жұмысы бойынша құжаттамалар жүргізеді. Малдардың ауруларын зерттеуге қатысады. Мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін малдардың карточкасын дайындайды
3 Сатуға, көрмелерде көрсетуге арналған тұқымдық малдарды іріктеуге және дайындауға қатысады. Бригадирлердің өндірістік-зоотехникалық есебінің алғашқы құжаттарын уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді
4-кесте. Асыл тұқымдық іс жөніндегі технигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек
заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)
1 Жануарлар Құжаттар, журналдар, халат, қолқап, алжапқыш 1-1) Мал шаруашылығындағы тұқымдық малды есептеу. Шаруашылықтағы асылдандыру жұмыстарының жоспарын әзірлеуге қатысу.
1-2) Малдың өнімділігін анықтау үшін таразыға тарту және саууды жүргізуге қатысу, талдаулар үшін сүтті сынауға іріктеу жүргізу, асылдандыру карточкасына малдың өнімділігі мәліметтерін енгізу, малдарды сұрыптауға қатысу,белгіленген нысандарға қатаң сәйкестендіре отырып асылдандыру жұмысы бойынша құжаттамалар жүргізеді
2 Жануарлар Құжаттар, журналдар, халат, қолқап, алжапқыш және т.б. 2-1) Малдардың ауруларын зерттеуге қатысу, мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін малдардың карточкасын дайындау
2-2) Сатуға, көрмелерде көрсетуге арналған асыл тұқымдық малдарды іріктеуге және дайындауға қатысу, қолдан ұрықтандыру бойынша есеп жасау
3 Жануарлар Құжаттар, журналдар, халат, қолқап, алжапқыш және т.б. 3-1) Өндірістік-зоотехникалық есебінің алғашқы құжаттарын уақтылы ұсынуын қамтамасыз ету. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз ету
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі асыл тұқымдық іс жөніндегі технигінің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескеріп міндеттерді анықтау және қызметті жоспарлау, міндеттердің өз бетінше анықталуын қарастыру Асыл тұқымдық малды мал шаруашылығына тіркеу кезінде жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін тәжірибелік міндеттердің түрлі үлгілерін шешеді Кәсіби білім барысында алынған практикалық тәжірибе негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім. Мал шаруашылығындағы тұқымдық малды есептеу ережесі
1-2) Басшылыққа өндірістік мәліметтерді құжаттандырып және ұсынып, жұмыс үдерістері нәтижелерінің алдын ала белгіленген өлшемдермен сәйкестік нәтижелерін бағалайды Өз бетінше жоспарлаудағы, жұмыстарды орындаудағы тәжірибелік және танымдық дағдылардың көптеген қатарын қолданады Малдың өнімділігін анықтау үшін таразыға тарту және саууды жүргізудің негізгі ережелері. Талдаулар үшін сүтті сынауға іріктеу ережесі
2-1) Еңбек қызметінің белгіленген саласындағы деңгейде тікелей басшылықпен басқа жұмысшылармен баламалы әрекеттер мен өзара байланысты анықтайды және келіседі, оны жағдайлар талап етеді Қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау. Алған тапсырманы нақтылайды, жоспармен жұмыс барысын ескереді және салыстырады, жұмыс нәтижелерінің сапа нормаларына сәйкестігін бақылайды Жұмыс үдерісі, малдарды сұрыптауды бақылау бойынша білімнің кең спекторы бар. Бекітілген нысандарға қатаң сәйкес келетін асылдандыру жұмысы бойынша құжаттамаларды толтыру нұсқаулығы
2-2) Басқа қызметкерлердің жұмыстары әсерінің нәтижесіне жауапкершілік алып, оларды басшылыққа алу Білім мен дағдының жетіспеушілігін анықтайды, кәсіпқойлықты арттыруды уәждемелейді
Кәсіби міндеттерді қоюдың және шешудің тәсілдерін, қағидаларын және әдістерін, қарым-қатынастардың этика және психология нормаларын, еңбекке тарту және ынталандыру тәсілдерін, заңнамалық нормаларды біледі
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі асыл тұқымдыққ іс жөніндегі технигінің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескеріп міндеттерді анықтау және қызметті жоспарлау, міндеттердің өз бетінше анықталуын қарастыру Асыл тұқымдық малды мал шаруашылығына тіркеу кезінде жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін тәжірибелік міндеттердің түрлі үлгілерін шешеді Кәсіби білім барысында алынған практикалық тәжірибе негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім. Мал шаруашылығындағы тұқымдық малды есептеу ережесі
1-2) Басшылыққа өндірістік мәліметтерді құжаттандырып және ұсынып, жұмыс үдерістері нәтижелерінің алдын ала белгіленген өлшемдермен сәйкестік нәтижелерін бағалайды Өз бетінше жоспарлаудағы, жұмыстарды орындаудағы тәжірибелік және танымдық дағдылардың көптеген қатарын қолданады Малдың өнімділігін анықтау үшін таразыға тарту және саууды жүргізудің негізгі ережелері. Талдаулар үшін сүтті сынауға іріктеу ережесі
2-1) Еңбек қызметінің белгіленген саласындағы деңгейде тікелей басшылықпен басқа жұмысшылармен баламалы әрекеттер мен өзара байланысты анықтайды және келіседі, оны жағдайлар талап етеді Қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау. Алған тапсырманы нақтылайды, жоспармен жұмыс барысын ескереді және салыстырады, жұмыс нәтижелерінің сапа нормаларына сәйкестігін бақылайды Жұмыс үдерісі, малдарды сұрыптауды бақылау бойынша білімнің кең спекторы бар. Бекітілген нысандарға қатаң сәйкес келетін асылдандыру жұмысы бойынша құжаттамаларды толтыру нұсқаулығы
2-2) Басқа қызметкерлердің жұмыстары әсерінің нәтижесіне жауапкершілік алып, оларды басшылыққа алу Білім мен дағдының жетіспеушілігін анықтайды, кәсіпқойлықты арттыруды уәждемелейді Кәсіби міндеттерді қоюдың және шешудің тәсілдерін, қағидаларын және әдістерін, қарым-қатынастардың этика және психология нормаларын, еңбекке тарту және ынталандыру тәсілдерін, заңнамалық нормаларды біледі
3-1) Өз біліктілігін арттыруға және басқа қызметкерлердің оқуын ұйымдастыруға жауапкершілік алады Ағымдағы және қорытынды бақылау, қызметті бағалау және түзету. Жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби қызметтің жұмыс фазасын, талап етілген ресурстар мен уақытты анықтайды Сатуға, көрмелерде көрсетуге арналған тұқымдық малдарды іріктеу және дайындау тәртібін білу
Селекциялық қызметтегі (асыл тұқымдық іс) кәсіби стандартының 4-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
Негізгі топ 2211Зоотехник
1221 Бас зоотехник
Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді)
СБШ сәйкес біліктілік деңгейі Санаттар
5 Зоотехник (жоғары білім)-санатсыз, І,ІІ санаттар
6 Зоотехник (жоғары білімнен кейінгі білім)-санатсыз, І,ІІ санаттар
7 Бас зоотехник
2-кесте. Зоотехниктің (зоотехник-селекционердің) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал шаруашылығы орындары, мал дәрігерлік объектілер, фермерлік және шаруа қожалықтары
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Малдардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз қызмет көрсету кезінде ауруды жұқтырып алу қауіпі, жарақаттану қатері
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі
5 Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім Санатсыз – жұмыс стажы талап етілмейді; ІІ санаттар – санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; І санаттар - ІІ санатты лауазымда 1 жылдан кем емес
6 Жоғарғы білім (бакалавриат), практикалық тәжірибе Санатсыз – жұмыс стажы талап етілмейді; ІІ санаттар – санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; І санаттар - ІІ санатты лауазымда 1 жылдан кем емес
7 Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орынынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе Жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл
3-кесте. Зоотехник (зоотехник-селекционер) орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)
1 Мал шаруашылығында тұқымдық малға есеп жүргізу. Шаруашылықтағы асылдандыру жұмыстарының жоспарын әзірлеуге қатысады. Малдың өнімділігін анықтау үшін таразыға тарту және саууды жүргізуге қатысу, талдаулар үшін сүтті сынауға іріктеу жүргізеді, асылдандыру карточкасына малдың өнімділігінің мәліметтерін енгізеді.
2 Малды сұрыптауға қатысады. Бекітілген нысандарға қатаң сәйкестендіре отырып асылдандыру жұмысы бойынша құжаттамалар жүргізеді. Малдардың ауруларын зерттеуге қатысады. Мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін малдардың карточкасын дайындайды.
3 Сатуға, көрмелерде көрсетуге арналған асыл тұқымдық малдарды іріктеуге және дайындауға қатысады. Бригадирлердің өндірістік-зоотехникалық есебінің алғашқы құжаттарын уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
4-кесте. Зоотехник орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)
1 Жануарлар мен құстар Құжаттар, журналдар, халат, қолқап, алжапқыш 1-1) Мал шаруашылығындағы тұқымдық малды есептеу, шаруашылықтағы асылдандыру жұмыстарының жоспарын әзірлеуге қатысу
1-2) Малдың өнімділігін анықтау үшін таразыға тарту және саууды жүргізуге қатысу, талдаулар үшін сүтті сынауға іріктеу жүргізу, асылдандыру карточкасына малдың өнімділігі мәліметтерін енгізу, малдарды сұрыптауға қатысу, белгіленген нысандарға қатаң сәйкестендіре отырып асылдандыру жұмысы бойынша құжаттамалар жүргізеді
2 Жануарлар Құжаттар, журналдар, халат, қолқап, алжапқыш 2-1) Малдардың ауруларын зерттеуге қатысу, мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін малдардың карточкасын дайындау
2-2) Сатуға, көрмелерде көрсетуге арналған тұқымдық малдарды іріктеуге және дайындауға қатысу, қолдан ұрықтандыру бойынша есеп жасау
3 Жануарлар Құжаттар, журналдар, халат, қолқап, алжапқыш 3-1) Өндірістік-зоотехникалық есебінің алғашқы құжаттарын уақтылы ұсынуын қамтамасыз ету. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз ету
5 - кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі зоотехник құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Жануар мен құстың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту бойынша селекциондық-зоотехникалық жұмыстардың нәтижесіне жауапкершілік қабылдап қызметкерлердің қызметін басқару Жануар мен құстың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту бойынша селекциондық-зоотехникалық жұмыстардың әзірлемелерін талап ететін білімнің анықталған саласына қатысты технологиялық сипаттың проблемаларын шешеді Жануар мен құстың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту бойынша селекциондық-зоотехникалық жұмыста кәсіби, практикалық, теориялық білім және практикалық тәжірибе.
Селекциондық қызмет саласында білігі, жоғарғы білім
1-2) Қызметкерлердің технологиялық үдерістің нақты учаскесіндегі әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік алып қызметкерлер тобын басқару. Жоспарды алдын ала дайындалған жоспарға, сапа нормасына, жұмысты орындау кестесіне және қаржылық сметамен салыстырып жұмыс барысын бақылайды Шешімнің көптеген тәсілдерін және оларды таңдауды болжайтын тәжірибелік міндеттердің шешімі. Стратегиялық жоспарлау, жұмысты бағалау, жағдайды талдаудың тәжірибелік және танымдық дағдыларын қолданады Тұқымдық малды өсіру және сату бойынша жоспарларды орындау үшін қажетті жан-жақты білім
2-1) Қызметкерлердің техникалық дайындығына, денсаулығына және қауіпсіздігіне, селекциондық жұмыс саласында жоспарларды әзірлеу кезінде қауіпсіздік техникасаның сақталуына толыққанды жауапкершілік алады Селекциондық жұмыс саласында жоспарларды әзірлеу бойынша кәсіби қызмет аясында есеп және құжаттар жүргізеді Селекциондық жұмыс саласында жоспарларды әзірлеу бойынша кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өздігінше іздеу
2-2) Тұқымдық мал өсіру прогрессивті технологиясын фермаларға енгізу бойынша үдерісті дербес басқару және бақылау қабілеттілігі Шығармашылық тәсіл түрлі жағдайларды, оның ішінде теориялық және тәжірибелік білімді қолданып, кәсіби мәселелерді шешудің баламалы нұсқасын өз бетінше әзірлейді және алға тартады Кәсіби міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу. Бірқатар міндеттерді анықтайды және жоспарлаудың негізгі үдерісін және жұмыс үдерісіндегі жоспарларды трансформациялауды ескереді
3-1) Тұқымдық малды өндірушілерді ұрықтандыру сапасы бойынша бағалаудың және мал төлінің өсуі мен дамуын бақылаудың жаңа әдістері мен тәсілдерін игереді Тұқымдық малды өндірушілерді ұрықтандыру сапасы бойынша бағалау және мал төлінің өсуі мен дамуын бақылау бойынша кеңейтілген білімін, техникалық және құқықтық қағидаларын қолданады Тұқымдық сапаны жақсарту үшін малдарды таңдау және іріктеу, оларды таңбалай білу
6 - кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі зоотехник құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Жануар мен құстың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту бойынша селекциондық-зоотехникалық жұмыстардың нәтижесіне жауапкершілік қабылдап қызметкерлердің қызметін басқару Жануар мен құстың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту бойынша селекциондық-зоотехникалық жұмыстардың әзірлемелерін талап ететін білімнің анықталған саласына қатысты технологиялық сипаттың проблемаларын шешеді Жануар мен құстың тұқымдық және өнімділ